Петропавлда дәрігерлер жүрегі тоқтаған тұрғынды аман алып қалды

Дастан Жұмабекұлы

Оның жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған

фото: ашық дереккөз

Петропавл қаласында дәрігерлер 54 жастағы әйелді ажалдан аман алып қалды. Ол тыныс демікпесімен ауырған соң тұншығып, жүрегі 18 минутқа тоқтап қалған.

Қолда бар мәліметке қарағанда, жедел жәрдем қызметі жеткенше, науқастың жүрегі тоқтаған. Мамандар дефибрилляторды төрт мәрте қолданғанмен, ештеңе шықпаған. Әйелдің қан айналымы мен тыныс алуы дұрыс болмаған.