Алматы облысының бір ауданында 4 оқушы суицид жасады

Еркеғали Болатұлы

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды

фото: ашық дереккөз

Алматы облысының Қарасай ауданында тағы бір оқушының өз-өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелді, деп хабарлады жергілікті «Пятый регион» сайты.

Қайғылы оқиға Тұрар ауылында болған. 16 жастағы оқушы үйіне келіп, 2 сағаттан кейін асылып қалған күйі табылған.

Аталған факті ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша ЕРДТ-да тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Жалпы, бұл ауданда биыл оқушылардың өз-өзіне қол жұмсау оқиғасы төртінші рет тіркеліп отыр. Бұл қайғылы оқиғалардың арасындағы байланыс әзірге белгісіз.