×

Астанада 19 жастағы жігіт оқушының телефонын ұрлап кеткен

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 01.04.2023 | 14:38
Фото: polisia.kz

Астанада 19 жастағы жасөспірім кәмелетке толмаған баланың ұялы телефонын иемденіп кеткен деген күдікке ілінген, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, жас жігіт түскі уақытта Бараев көшесіндегі үйдің ауласындағы футбол алаңының жанынан өтіп бара жатып, кәмелетке толмағандардың футбол ойнап жатқанын байқаған. Оларға жақындап, футболды бірге ойнауды ұсынды. Бірақ балалар оның ұсынысынан бас тартқан. Қаскүнем алаңдағы күртешелер мен сөмкелердің жанында отырып, қолайлы сәтті пайдаланып, 14 жастағы жасөспірімнің күртешесінің қалтасынан ұялы телефонды алып, қашып кетеді.

Осы жағдайға қатысы бар 19 жастағы елорда тұрғыны анықталды. Ол телефонды өткізіп үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Заттай айғақ алынды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама