Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алғандарға қатысты сот процесі басталды

Халық үні

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр

Фото: ашық дереккөз

Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде әуежайды басып алуға қатысты іс бойынша басты сот процесі басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судья Мартпек Кәкімжанов қарайды.

Қылмыстық іс бойынша 5 сотталушы бар. Олар: А. Тілеужанова, К.Нұрпейісов, Н.Дәлібаев, Е.Шилібаев, Ж.Карменов.

Іс қылмыстық кодекстің 272-бабы («жаппай тәртіпсіздік»), 269-бабы («ғимараттарға, құрылыстарға, қатынас және байланыс құралдарына шабуыл жасау немесе оларды басып алу») бойынша қаралады.