×

Шымкентте 500 мұқтаж отбасыға азық-түлік пен ауызашар қоржыны таратылды (ВИДЕО)

Жылдан жылға қайырымдылық жасағысы келетін кәсіпкерлер көбейіп жатыр

 Дастан Жұмабекұлы 30.03.2023 | 09:38
фото: ашық дереккөз

Шымкент қаласында Рамазан айына байланысты мұқтаж отбасыларға азық-түлік пен ауызашар қоржыны таратылды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, қайырымдылық шарада 500 отбасыға ауызашарға арналған әрі күнделікті қажет азық-түлік қоржыны екі қораптан үлестірілген. Бұл іске қала әкімі ұйытқы болып, оған кәсіпкерлер де белсене қатысып жатыр.

Шымкент қаласының наиб имамы Мұхаммеджан Естеміровтің айтуынша, мұқтаж отбасыларға макарон, ұн өнімдері, құрма, шай, қант беріледі. Сонымен бірге ауызашар қоржынында май, маш, қарақұмық, тары, күріш бар.

Оразадан оразаға жете берейік! Осынау қасиетті айда қайырымдылық жасап, қоржын таратқан азаматтарға рахмет! Менің 23 немерем, 6 балам бар. Көпбалалы анамын, – деді Тұрсынай Жұманова атты тұрғын.

Шымкент қаласының бас имамы Бағдаулет Абдрахмановтың айтуынша, мұқтаж адамдарға көмектесемін деген кәсіпкерлер жылдан-жылға көбейіп келеді. Сондықтан күн сайын қаладағы әр мешітте қайырымдылық шаралары болып жатыр. Азық-түлік тарату акциясы қасиетті айдың соңына дейін жалғасады. Ал мұқтаж жандар қаладағы 5 ауданнан арнайы қайырымдылық қор өкілдері ұсынған тізім бойынша анықталады. Бұдан басқа, Рамазан айының әр күнінде 40-қа жуық мешітте 150 адамға арналған ауызашар ұйымдастырылады.

Жалпы, Рамазан айында Шымкентте ауызашар себеті мен азық-түлік тарату 3 жылдан бері үрдіске айналған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама