Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны азайды

Халық үні

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөз

Елімізде бір тәулікте 22 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

24 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 789 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 140 пациент стационарда, 1 649 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 5 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Екі науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.