×

Атырау облысында Нигерия азаматы сотталды

Сотталушының кінәсі толықтай дәлелденді

 Динара Амантай 21.03.2023 | 13:33
Фото: azh.kz

Атырау облысында сотта Нигерия азаматына қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, шетелдік аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтаған.

Сотта анықталғандай, 2022 жылдың шілде айының басында Нигерия Республикасының азаматы Атырау қаласында әлеуметтік желі арқылы белгісіз азаматпен танысып, одан есірткі заттарын сатып алу туралы ұсыныс келіп түскен, ал шетелдік оған өз келісімін берген.

Әрі қарай басқа мессенджерде «Т» логинімен тіркелген өзге тұлғамен байланысып, одан психотроптық заттардың жасырынған орындарын алып, осыдан кейін ресейлік номерлі автокөлігімен аталған аса ірі мөлшердегі психотроптық заттарды алып кетіп, өз көлігінде жасырған.

2022 жылғы 20 шілдеде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында сотталушы полиция қызметкерлерімен ұсталған. Оның автокөлігін тінту барысында жүргізуші жағының кілемшесі астынан заңсыз сақталған аса ірі мөлшердегі жалпы салмағы 4,29 грамм «мефедрон (синоним 4-метилметкатинон)» - психотроптық заттары бар изолентаға буылып түйілген полимерлі орамдар табылған және алынған.

Сотталушының кінәсі куәлардың жауаптарымен, автокөлікті қарап-тексеру хаттамасымен, сараптама қорытындыларымен толықтай өз дәлелін тапты.

Сот үкімімен сотталушыға 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама