×

Сайлаушылардың жартысына жуығы дауыс беруге келді

5,6 млн адам дауыс беру үшін бюллетень алды

 Айгерім Таубай 19.03.2023 | 14:17
Halyq Uni/Алиакпар Қадырбаев

Таңғы жетіден бері сайлаушылардың 46,84 пайызы сайлау учаскелерінде бюллетень алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова мәлімдеді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың аумақтық комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 14:00-ге дейін дауыс берді:

Абай облысы – 55,28%;

Ақмола облысы – 52,12%;

Ақтөбе облысы – 51,28%;

Алматы облысы – 52,13%;

Атырау облысы – 36,15%;

Батыс Қазақстан облысы – 55,14%;

Жамбыл облысы – 58,32%;

Жетісу облысы – 52,41%;

Қарағанды облысы – 56,97%;

Қостанай облысы – 62,36%;

Қызылорда облысы – 54,31%;

Маңғыстау облысы – 49,18%;

Павлодар облысы – 51,24%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 49,68%;

Түркістан облысы – 48,37%;

Ұлытау облысы – 52,29

Шығыс Қазақстан облысы – 58,69

Астана қаласы – 33,65%;

Алматы қаласы – 15,38%;

Шымкент қаласы – 35,61%.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, қазірге дейін 5 635 462 адам дауыс беру үшін бюллетень алды.

Бұл сайлаушылардың 46,84 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама