Қазақстан Қарулы күштерінде тексеріс басталды

Қымбат Елтайқызы

Президент әскердің жауынгерлік дайындығын арттыруды тапсырған еді

фото: қорғаныс министрлігі

Әскерлер қысқы оқу кезеңі аяқталғанша тексерілмек. Биыл мемлекет басшысының әскердің жауынгерлік дайындығын түбегейлі арттыру жөніндегі міндеттерін іске асыру шеңберінде бұл шара жаңаша өтіп жатыр.

Бас штаб жоспарына сәйкес, құрамалар, әскери бөлімдер оқу дабылымен көтерілді. Бөлімшелер практикалық оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын полигондарға теміржол көлігімен, жауынгерлік техникамен жетеді.

Полигондарда тактикалық, оның ішінде түнде де оқу-жаттығулар, атыстар өтеді. Бұдан өзге бөлімдердің белгіленген мерзімде жүктелген тапсырмаларды орындау үйлесімділігі, қабілеті, әскери қызметшілердің оқытылуы, сондай-ақ командирлердің бағынысты, сеніп тапсырылған бөлімшелерді басқара білуі бағаланады, – дейді қорғаныс министрлігі.

Қарулы күштердің барлық құрамасы, бөлімі, әскери басқару органы тексеріледі.