Аңшы мылтығымен атып өлтірген: Алматыда қауіпті қылмыскер құрықталды

Халық үні

Қандықолдың қаруы тәркіленді

фото: polisia.kz

Алматының тәртіп сақшылары адам өлтіру қылмысын ізін суытпай ашты.

Аса ауыр қылмыс бүгін таңертең қаланың Бостандық ауданында болған. Хабарлама 102 пультіне сағат 08:59-да келіп түскен. 1975 жылы туған Ш. есімді азамат кісі қолынан көз жұмды. Оны аңшы мылтығымен атып өлтірген, – дейді полиция.

«Сақшылар бұл қылмыстың бетін ізін суытпай ашты. Күдікті қалада енгізілген «Ұстау» арнайы жоспары барысында Алматы қаласы Алатау ауданы аумағында ұсталды. Қылмыстық қару тәркіленді. Кісі өлтіру себебі анықталып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов.