Ташкентте Ресей азаматы жоғарғы қабаттан құлап, қайтыс болды

Дастан Жұмабекұлы

Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр

фото: ашық дереккөз

Өзбекстанның Ташкент қаласында 1995 жылы туған Ресей Федерациясының азаматы Андрей Ш. жоғарғы қабаттан құлап, қайтыс болды. Ол қаланың «Мирабад» ауданы Буюк Турон көшесіндегі №75-үйдің 7-қабатында орналасқан пәтердің балконынан құлаған.

Бұл туралы Өзбекстан Бас прокуратурасы хабарлады.

Тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалған. Қазір оқиғаның себептері анықталып жатыр.