Он жеті лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
2022 жылы ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы ақпараттық қауіпсіздіктің 18 мыңнан астам инцидентін анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, кибершабуылдардың жартысынан көбі сыни деңгейдегі ақпараттық қауіпсіздікке қатер болды.
«Елдің ақпараттандыру объектілерін кибершабуылдар мен киберқауіпсіздіктерден қорғауды қамтамасыз ететін ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығы 2022 жылы ақпараттық қауіпсіздіктің 18 мыңнан астам инцидентін анықтады. Сонымен қатар, 2022 жылы Бірыңғай шлюзде көрсетілген мемлекеттік органдардың интернетке қол жеткізу саны 60 млн.астам шабуылға жетті, онда оқиғалардың жартысынан көбі сыни деңгейдегі ақпараттық қауіпсіздікке қатер болып табылады», – делінген министрліктің редакцияның ресми сауалына берген жауабында.
Сонымен қатар министрлік электрондық ақпараттық ресурстарда дербес деректерді қорғау талаптарын бұзуға қатысты мәлімет берді.
«2022 жылы ақпараттандыру саласында 15 жоспардан тыс тексеру жүргізілді, оларды дербес деректерді қорғау жөніндегі шаралардың сақталуы және шығусыз (әкімшілік құқық бұзушылықты көрсететін жеткілікті деректер негізінде) 18 әкімшілік іс қозғалды және қаралды. Оның қорытындысы бойынша 2 лауазымды тұлға, 22 заңды тұлға және 6 жеке тұлға жалпы сомасы 2 084 932,5 теңгеге айыппұл салумен жауапқа тартылды», – деп қосты ведомство.
Бұдан бөлек, былтыр электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында жоспардан тыс 5 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде жеткілікті деректер негізінде 24 әкімшілік іс қозғалып, қаралды. Оның қорытындысы бойынша жалпы сомасы 620 257,5 теңгеге 15 лауазымды тұлға және 8 жеке тұлға жауапкершілікке тартылды.
Айта кетейі, Қазақстан үкіметі кибер қылмыспен күресу мақсатында бес жыл бұрын «Киберқалқан» тұжырымдамасын бекітті. Бүгінде әлемдік киберқауіпсіздік рейтингінде Қазақстан 31-орында тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның кибер қауіпсіздігі: күн сайын миллионға жуық шабуыл жасалатынын хабарлаған едік.