Алматы тұрғыны үйінде есірткілік өсімдік өсірген

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото: polisia.kz

Алматы полициясы марихуана өсіру дерегінің жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, күдікті Тоқтаров көшесіндегі үйінде марихуана өсірумен айналысқан. Техникалық нормаларға сәйкес өсірілген 16 түп марихуана, өндірісте қолданылатын құрал-жабдықтар тәркіленді. Сондай-ақ күдіктінің үйінің ас бөлмесінен 5,45 мм және 7,62 мм калибрлі екі патрон табылды.

Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық ПБ-да сотқа дейінгі тергеу басталды.