Батыс Қазақстанда судья жұмыс орнында қайтыс болды

Дастан Жұмабекұлы

Марқұм кабинетінде есінен танып құлаған екен

фото: facebook.com

Орал қалалық сотының тергеу судьясы Нұрлан Губашев жұмыс орнында қайтыс болды. Бұл туралы «Мой город» басылымы хабарлады.

Ақпаратты Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

Оның денсаулығы жұмыс орнында нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған адамның айтуынша, ол есінен танып құлаған.  Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қоңырау сағат 9:48-де түскен.