Halyq Uni логотип
×

Атырауда малдың қырылуы: АШМ жағдайды бақылауға алды

Бірнеше ауылдың малы шетінен қырылып жатыр

 Халық үні 31.03.2022 | 17:30
Атырауда малдың қырылуы: АШМ жағдайды бақылауға алды
фото: Halyq Uni

Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдай бақылауға алынды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігі мәлімдеді.

АШМ Атырау облысындағы эпизоотиялық жағдайға қатысты Құрманғазы (9 бас) және Исатай (17 бас) аудандарында 26 бас жылқыдан ауру анықталғанын мәлімдейді. 2022 жылғы 30 наурызда 4 бас мал өлген, ал 22 бас малға дәрігер симптоматикалық ем жүргізіп жатыр, – делінген ақпаратта.

Биылғы 24 наурызда биологиялық материалдар алынып, жылқының ринопневманиясы мен инфекциялық анемия мен басқа да жұқпалы емес ауруларды зерттеу үшін «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК-ға жіберілді. 29 наурызда алынған зерттеу нәтижесі жануарларда жұқпалы ауру жоқ екенін көрсетті.

«31 наурызда Қазақ ветеринариялық ғылыми-зерттеу институты мен биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлері ғылыми-практикалық көмек көрсету, эпизоотологиялық зерттеулер жүргізу және жылқылар арасындағы аурудың диагнозын анықтау үшін сынама алу мақсатында Атырау облысына келді», – дейді ауыл шаруашылығы министрлігі.

Қызылқоға ауданындағы «Ойтаң» шаруа қожалығындағы қой мен ірі қара малдың қырылуына қатысты ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің деректері бойынша, жануарлар малды азықтандыру және тамақтандыру шаруашылығы технологиясының бұзылу салдарынан өлді. Сонымен қатар комитетке Махамбет ауданының «Мутиев Г.Д.» ШҚ-дағы және Құрманғазы ауданының тұрғыны Самат Елемесовтың малдарының қырылуы фактілері бойынша эпизоотологиялық тексеру жүргізу туралы тапсырма берілді. Комиссия құрылып, оның құрамына ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық инспекциясының, әкімдіктің, ғылыми қызметкерлердің және басқа да мүдделі органдардың қызметкерлері кірді.

Бүгінгі таңда министрлік эпизоотиялық жағдайды бақылауда ұстап отыр, – делінген мәліметте.

Атырау облысында малдың қырылуы тоқтамай тұр: Ветеринарлар себебін анықтай алмай отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама