Елімізде бір тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Халық үні

2 науқас өте ауыр жағдайда жатыр

Фото: pixabay.com

Қазақстанда кейінгі тәулікте 79 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

8 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 712 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус жұқтырғандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.