2 науқас өте ауыр жағдайда жатыр
Қазақстанда кейінгі тәулікте 79 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
8 наурыздағы мәлімет бойынша, 1 712 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 135 пациент стационарда, 1 577 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Коронавирус жұқтырғандар арасында 4 адамның жағдайы ауыр, 2 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.