4 учаскеде көліктерге уақытша шектеу енгізілді
Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар жабылды. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарлады
Автожолдардың 4 учаскесінде көліктерге уақытша шектеу енгізілді.
Абай облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Қалбатау ауылынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Шығыс Қазақстан облысының шекарасынан Семей қаласына дейінгі аралығында көліктің жүруіне шектеу қойылды.
Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан облысында «Алматы-Өскемен» тасжолының Абай облысы шекарасынан Қасым Қайсенов кентіне дейінгі аралығында және «Өскемен-Семей» тасжолының Герасимовка ауылынан Абай облысының шекарасына дейінгі аралығында көліктердің жүруі шектелді.