Оның бұндай әрекетке баруына отбасындағы кикілжің себеп болған
Түркістандық полицейлер көпірден секірмек болған азаматты құтқарып қалды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Кеше түнгі сағат 23:30 шамасында Алматы – Термез тас жолында патрульдеп жүрген Түркістан облысы патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Бағлан Жораұлы мен Өткір Мэлсұлы көпірден секіргелі тұрған ер адамды байқап қалған. Олар оқиға орнына шұғыл жетіп, биіктен секірмек болған орта жас шамасындағы ер адамның жанына жақындаған. Сондай-ақ оларға сол жердегі тұрғынның бірі көмекке келіп, ер адамды сөзге айналдырып тұрды. Осы сәтте тәртіп сақшылары көпірге ілініп тұрған тұрғынның екі қолынан күш салып тарта отырып, қауіпсіз жерге шығарып алды.
Тексеру барысында тұрғынның суицид жасауына масаң күйде болуы мен отбасылық кикілжіңнің әсер еткені белгілі болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Өскеменде жас жігіт көпірден секіріп кеткен болатын.