×

Өскеменде жас жігіт көпірден секіріп кетті

«Суицидке дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр

 Динара Амантай 10.01.2023 | 17:38
Фото: egemen.kz

Өскеменде жасөспірім көпірден секіріп, тротуарға қүлаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 8 қаңтарда сағат 17.30 шамасында Өскемен қаласының 17 жастағы тұрғыны Протозанов көшесіндегі Үлбі көпірінен секіріп, тротуарға құлаған. Салдарынан жасөспірім дене жарақатын алып, кейін медициналық мекемеге жатқызылған. Қазір оның жағдайы тұрақты.

Аталған дерек бойынша Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөлімімен ҚР ҚК-нің 105-бабы («Суицидке дейін жеткізу») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама