Halyq Uni логотип
×

ІІМ Петропавлда үш оқушыны жарақаттаған жасөспірімнің неге қамауға алынғанын түсіндірді

Күдіктінің анасы оның заңды өкілі деп танылды

 Дәурен Ерболат 23.02.2023 | 13:16
ІІМ Петропавлда үш оқушыны жарақаттаған жасөспірімнің неге қамауға алынғанын түсіндірді
фото: pkzsk.info

Марат Қожаев Петровалда оқушыларды балтамен ұрған жасөпірімнің неге қамауға алынғанын түсіндірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Еске салайық, 13 ақпанда облыс орталығындағы №4 мектепте 9-сыныпта оқитын жасөспірім 3 оқушыны жарақаттаған. Жәбірленушілер облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, кәмелет жасына толмаған Д.-ны полиция ұстады. Алдын ала ақпарат бойынша кәмелетке толмаған Д. психиатриялық есепте тұрады.

Сондай-ақ осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі, 99-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалғаны белгілі болды.

«Қылмыстық іс тергеліп жатыр. Күдікті ұсталды, оның анасы заңды өкілі деп танылды. Бүгінде ол қамауда отыр. Тергеу барысында оның неге мұндай әрекетке барғаны анықталады. Содан кейін біз сіздерге қосымша ақпарат береміз. Күдікті аса ауыр қылмыс жасағандықтан сот оны қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деді бірінші вице-министр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама