Алматыда бір жеті бұрын жоғалған оқушылар табылды

Дастан Жұмабекұлы

Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген

фото: ашық дереккөз

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды. Алматы қаласының полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяевтың айтуынша, қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапқан. Олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Мекен-жайы анықталды.

Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген.