×

Полицейлер Астана мешітінде ұрлық жасаған адамды ұстады

Әмияннан 600 доллар алып шығып кеткен

 Дастан Жұмабекұлы 15.02.2023 | 12:57
фото: ашық дереккөз

Астана қаласының Байқоңыр ауданы полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері мешітте намаз кезінде ұрлық жасаған адамды ұстады. Полицейлер жедел-іздестіру кезінде ақша ұрлаған 31 жастағы ер адамның тұрғылықты жерін анықтады.

Тергеу барысында күдікті Рақымов көшесінің бойындағы Сәдуақас қажы Ғылмани мешітіне келіп, намаз кезінде залдың ең соңғы қатарында отырып, терезенің алдында жатқан күртешелерге көзі түсіп, ақшаны үптеп кеткенін мойындады. Ол мешітке жиналған жамағаттың байқамай тұрғанын пайдаланып, күртешелердің бірін алып, қалталарын тексере бастаған. Содан ол мешіттен күртешенің қалтасындағы әмияннан 600 доллар алып, оны қайта орнына салған. Кейін мешіттен шығып кеткен.

Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы («Ұрлық») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама