Қазақстан мен АҚШ әскери ынтымақтастық мәселесін талқылады

Қымбат Елтайқызы

Бес жылдық жоспар қаралды

фото: ашық дереккөзден

Еліміздің қорғаныс министрлігінде Қазақстан және АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Әскери ведомствода еліміздің қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов пен АҚШ-тың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі Джуди Куо протоколдық кездесу өткізді.

«Тараптар бес жылдық жоспар шеңберінде бітімгершілік және тілдік даярлық, мамандарды оқыту салаларындағы екі елдің қорғаныс ведомстволарының өзара іс-қимылымен қатар ынтымақтастық жайлы сөйлесті», – дейді еліміздің қорғаныс министрлігі.