Ресейде сары-көк түсті тюбинг ұстаған ұлды қатарлары жабылып ұрған

Дастан Жұмабекұлы

Оны құрдастары «сен украинсың» деп соққыға жыққан

фото: gazeta.ru

Ресейдің Киров облысындағы Нолинск қаласында қатарлары сары-көк түсті тюбинг ұстаған баланы жабылып соққыға жыққан. Бұл туралы gazeta.ru хабарлады.

Нолинск қаласында балалар сары-көк түсті тюбингі (төбеден сырғанап түсетін үрмелі шана, –  ред.) бар құрдастарын жабылып ұрып тастаған, – делінген хабарламада.

9 жасар бала үлкендердің жетектеуінсіз бір өзі төбеден сырғанап түсетін мұздаққа барған. Сол жерде оған өз қатарлары сары-көк түсті тюбингі үшін тиіскен. Олар мұны «сен украинсың» деп жабылып ұрған.

Таяқ жеген бала үйіне бет-аузы көгеріп келген. Ол болған оқиғаны анасына айтып берген. Ал анасы бұл жөнінде құқық қорғау органдарына шағымдануды жөн көрмеген. Алайда полицейлер инцидентті біліп қойып, дереу тексеруге кірісіп кетті.