Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінісі болды
Жер сілкінісі сағат 02:46 кезінде тіркелді
Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.
Жер сілкінісі 7 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 02:46 кезінде тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4.7. Тереңдігі 15 шақырым.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 279 шақырым жерде жер сілкінді. Жер сілкінісінің эпицентрі – Қырғызстан мен Қытай шекарасы.