Жетісу облысында көлік аударылып, салдарынан жүргізуші қаза тапты

Динара Амантай

Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында автокөлік аударылып, салдарынан 57 жастағы жүргізуші қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, қайғылы оқиға 1 ақпанда таңертең Сарыөзек – Көктал автожолының 119-шақырымында болған.

Hummer H2 көлігінің 57 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып жатыр. Іс жүзінде қажетті сараптамаларды тағайындаумен бірге тергеу амалдары басталды, – делінген хабарламада.