×

Еліміздің бірқатар өңірінде жол қозғалысы шектелді

Соңғы күндері Қазақстанның басым аумағында ауа райы нашарлады

 Халық үні 24.03.2022 | 10:20
фото: ашық дереккөзден

Ауа райының бұзылуына, яғни боран соғып, көріністің нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар жолда қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Атап айтқанда:

Ақмола облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж 377-440 шақырымы, Қостанай облысы шекарасы мен Державинск қаласының аралығы;

Павлодар облысы бойынша «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 200-254 шақырымы, Шідерті қаласы мен Ақмола облысы шекарасының аралығы; «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» а/ж 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан қаласы мен Павлодар облысының аралығы;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» а/ж 707-941 шақырымы, Аягөз қаласы мен Бұғаз ауылының аралығы;

Қарағанды облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж 142-252 шақырымы, Сарлық ауылы мен Қостанай облысы шекарасының аралығы;

Қостанай облысы бойынша «Жезқазған-Петропавл» а/ж, 252-340 шақырымы, Қарағанды облысы шекарасы мен Арқалық қаласының аралығы; «Жезқазған-Петропавл» а/ж 340-377 шақырымы, Арқалық қаласы мен Ақмола облысының аралығы.

Қазір қауіпсіз және үздіксіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында тәулігіне 24 сағат жұмыс жүріп жатыр. Осы орайда, Қазақавтожол серіктестігінің 1090 арнайы қысқы техникасы мен 3500-ден астам қызметкері жұмылдырылған, – дейді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Боран қаһарына мініп тұрған соңғы 5 күнде жолшылар 100-ден астам көлікке көмек көрсетті. Олардың 37-сі жылы бокстарға жеткізілсе, 500-ден астам жолаушы жылыту пунктеріне орналасты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама