Жеңілдетілген несиемен кімдер көлік ала алмайды

Ербол Тұрымбет

Бір адам 2 жылда бір рет қана өтініш бере алады

Коллаж: Halyq Uni

Алдын ала мәлімет бойынша, жеңілдетілген автонесие бағдарламасында қайтарымды қаражат негізінде ай сайын 100-ден астам өтінім тіркеуге мүмкіндік болады. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Ринат Гаппаров мәлімдеді.

Бірақ мынадай жағдайда қабылданбауы мүмкін:

  • Бұған дейін бағдарлама аясында автонесие алған болса;
  • Банкте қаражат лимиті біткен жағдайда;
  • Платформада өзекті өтінімі болса;
  • Автоөндірушілерде бір адам бір ғана көлікке өтінім бере алады; 
  • Бір адам көлік алуға 2 жылда бір рет қана өтінім бере алады

Сондай-ақ, өтінім берушінің төлем қабілеті, яғни соңғы  айдағы зейнетақы аударымы, несие тарихы және қарыз жүктемесі коэффиценті қаралады. 

Ал жеңілдетілген автонесиелеу бағдарламасының шарттары өзгеріссіз қалады:

  • 1 автокөлік құны – 15 000 000 (он бес миллион) теңгеден аспайды;
  • қаржыландыру сомасы – 10 000 000 (он миллион) теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі – 7 жылдан аспайды;
  • бастапқы жарна – 0%;
  • кредит беру валютасы – теңге;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 4%, бұл ретте жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі түпкілікті қарыз алушының автокөлікті сақтандыру және ресімдеу (оның ішінде кепілге қою) бойынша шығындарын ескере отырып, жылдық 7,5%-дан аспауы тиіс;
  • түпкілікті қарыз алушылар сақтандыру және отандық өндірістің жеңіл автокөлігін кепілге ресімдеу бойынша шығыстарды төлейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін жеңілдетілген автокөлікке онлайн өтінім 6 ақпаннан бастап арнайы сайт арқылы қабылданатыны хабарланған еді.