Жетісу облысында ауыл тұрғыны орман алқабын тып-типыл етті

Динара Амантай

Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асты

Фото: polisia.kz

Жетісу облысында ауыл тұрғыны бүкіл орман алқабын кесіп тастаған, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлері Панфилов ауданының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Ол Ынтымақ ауылының маңында 56 қарағашты отап тастаған. Анықталғандай, ер адам кесілген ағаштардың бір бөлігін үйіне апарып үлгерген. Барлық ағаш тәркіленді.

Заңсыз кесу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ер адам ағашты отын жинау үшін кескенін айтқан.

Келтірілген шығын көлемі 1 млн теңгеден асты.