Halyq Uni логотип
×

Петропавлда жылу электр орталығындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Бүгін орталық мұржасы құлады

 Самат Жақып 20.03.2022 | 21:20
Петропавлда жылу электр орталығындағы апатқа қатысты қылмыстық іс қозғалды
фото; Halyq Uni

Петропавлда жылу электр орталығында тағы да апат. Бұл жолы қатты жел салдарынан стратегиялық нысанның түтін шығатын мұржаларының бірі құлап кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Аталған фактіні «Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметі растады. Оқыс оқиға кешкі сағат 19-00-де болған. Қазір бұл жерде жедел штаб құрылып, тәртіп сақшылары аумақты қоршауға алды. Жедел жәрдем қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жұмысты қызу істеп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, қиранды қазандықтардың бірінің үстіне түскен.

Салдарынан қазір жылу агрегаттарының екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Қысым азайтылған соң тұрғын үйлерде жылу жоқ. Энергетиктер бірнеше қазандықты мәжбүрлі түрде тоқтатқан. Ал түнгі 12-де резевтегі қазандықтар іске қосылады. Құлаған мұржа биіктігі 150 метрден асады. Ал салмағы бірнеше мың тоннаны құрайды.

Әзір зардап шеккендер туралы нақты ешқандай мәлімет айтылмай отыр. Денсаулық сақтау басқармасындағылар да ешбір азамат ауруханаға түспегенін жеткізді.

Жауаптылардың айтуы бойынша, 2016 жылы орталықтың осы мұржасы жөндеуден өткен. Ол кезде баспалдақтары, қорғаныс және жарық қоршаулары қалпына келтіріліпті.

Halyq Uni тілшісі осыған дейін ЖЭО-дағы проблемалар жайлы жазған еді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама