«Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары ұсталды

Динара Амантай

Ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алған

Фото: Halyq Uni

Павлодар облысында «Қазпошта» АҚ филиалы директорының орынбасары 2 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазпошта» АҚ ішкі қауіпсіздік қызметінің көмегімен сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдік бойынша «Қазпошта» АҚ облыстық филиал директорының орынбасарын ұстап, қамауға алды.

Тергеу барысында анықталғандай, ол мердігер ұйым өкілінен орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 2 млн теңге пара алды деген күдікке іліккен.

Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының басшысы ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.