Шымкентте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиал басшысы ұсталды

Динара Амантай

Ол жүйелі түрде пара алып отырған

Фото: Halyq Uni

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент қалалық филиалы басшысының пара алғаны әшкереленді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Шымкент филиалының басшысына және оның қарамағындағы бірқатар қызметкерлерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

Олар пойыздарды қабылдаушы, кассир, вагондарды тексеруші-жөндеуші және т. б. лауазымдарға жұмысқа орналасу үшін жүйелі түрде пара бергені және алғаны үшін әшкереленген.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды.