Halyq Uni логотип
×

Көршісіне керосин шашып, өртеді: Рудныйдағы баланың халі белгілі болды

Ал оның анасының қос білегі күйіп қалған

 Халық үні 19.03.2022 | 10:00
Көршісіне керосин шашып, өртеді: Рудныйдағы баланың халі белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Рудныйда денесін күйік шалған сәби ауыр халде жатыр. Қостанай облыстық аурухана дәрігерлері үш жарым жасар балғынның өмірі үшін күресуде.

Бала Рудныйдан Қостанай қаласына жеткізілген. Қазір ол жансақтау бөлімінде. Жағдайы өте ауыр. Мамандар қандай да бір болжам жасай алмай отыр.

Атап өтсек, кеншілер қаласында 44 жастағы ер адам қолында сәбиі бар көрші әйелге керосин шашып, өртеп жіберген. Қос білегі күйіп қалған келіншек алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілді. Ал балғын ауруханаға жатқызылды.

Бұл оқиға жайлы хабарлама Рудный қаласының полиция басқармасына 16 наурызда жеткен. Полиция аталған факт бойынша «адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауға алынды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама