×

Ұры қазақстандық боксшының үйінен ақша толы сөмкелерін алып кеткен

Одан бір күн бұрын боксшы кезекті жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландқа аттанған

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2023 | 16:27
фото: allfight.ru

Бокстан IBA, WBU тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Фируза Шарипованың үйіне ұры түсті. Бұл туралы спортшының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қылмыс сәтінде үй ауласында жүрген белгісіз ер адам видеоға түсіп қалған. Алайда ол капюшон киіп алғандықтан, кім екені әлі белгісіз.

Айта кетсек, одан бір күн бұрын Фируза Шарипова Малавиядан келген Рут Чисалемен өтетін жекпе-жекке дайындалу үшін Таиландтағы оқу-жаттығу жиынына аттанған.

Боксшының үйіне ұры түнде кіріп, жекпе-жекке дайындалуға жұмсалатын ақша салынған сөмкелерді алып кеткен.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама