×

ҚМДБ 1400-ден аса адасушыны жат ағымдар ықпалынан шығарып алған

Ел азаматтарының шет елдердегі белгісіз оқу орындарына кетіп қалмауы да қадағаланады

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2023 | 15:19
фото: ҚМДБ мұрағатынан

Былтыр 1400-ден аса адам жат ағымның арбауынан құтқарылып, дәстүрлі мұсылмандық жолына оралды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы мәлімдеді.

Оның айтуынша, 2 жыл бұрын Діни басқарма жанынан оңалту бөлімі ашылған. Ол осындай жағдайлардың алдын-алып, уағыз-насихаттар мен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар, ел азаматтарының шет елдердегі белгісіз оқу орындарына кетіп қалмауы үшін бірнеше бастама қолға алынған.

Жалпы, Қазақстанда ресми түрде 9 медресе мен бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Қазір солардың ғылыми әлеуетін көтеруге және гранттар санын көбейтуге ден қойылып отыр.

Біз өз жерлестерімізді, бауырларымызды өз елімізде оқытуға барынша үлес қосып жатырмыз. Былтыр Астана қаласынан Хұсам ад-Дин ас-Сығанақи атындағы ғылыми институтымызды аштық. Ол жерде де ислам дінін, теологияны тереңдетіп оқыту бағдарламасы жасалған, - деді ҚМДБ төрағасы Наурызбай Қажы Тағанұлы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама