×

Шекарада нөмірлері өзгертілген 27 көлік анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті жалған VIN-кодтары бар автокөліктерді анықтады

 Қымбат Елтайқызы 19.03.2022 | 09:00
фото: ашық дереккөзден

ҰҚК-нің шекара қызметі жалған VIN-кодтары бар көліктерді анықтады.

2022 жылдың басынан бастап ҰҚК шекара қызметінің өткізу пунктерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 автокөлік анықталды, – дейді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі

2021 жылы шекарашылар ұқсас заң бұзушылықтары бар 217 машинаны анықтады. 

«Аталған автомобильдер құзыреті бойынша полиция органдарына берілді», – делінген ақпаратта.

Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін азаматтарға Қазақстан шегінен тыс жерде көлік сатып алу кезінде анағұрлым қырағы болу қажет.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама