Келтірілген шығын көлемі - шамамен 450 миллион теңге
Қаржылық мониторинг агенттігі Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, өңірде жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылған. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады.
Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар адамдар анықталды. Іс сотқа жіберілді. Жергілікті тұрғындар үшін бұл жолдың салынуы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан әлеуметтік маңызы бар.
ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің осындай жұмыстарды жүргізуі қазір кейбір учаскелерде жұмыс істеп тұрған тас жол құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.