×

Ел бойынша қанша көше мен нысанға Назарбаев есімі берілген

Назарбаевтың есімі берілген көше атауын ауыстыру бойынша ұсыныстар түспеген

 Айгерім Таубай 25.01.2023 | 12:20
Фото: sputnik.kz

Қазақстанда елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген 29 нысан бар.

Сондай-ақ ел бойынша 4 саябақ пен 11 даңғыл, үш көшеге Назарбаевтың есімі берілген, деп хабарлайды Halyq Uni.

Республика бойынша 22 Назарбаев зияткерлік мектебі бар. Оның үшеуі елордада орналасқан. Білім ордасы Ұлытау және Алматы облысында ғана ашылмаған.

Сондай-ақ Астанада Назарбаев университеті, Назарбаев есімі берілген кітапхана, музей және әуежай жұмыс істеп тұр.

Жалпы алғанда ел бойынша 3 музей, бір кітапхана, бір әуежай, бір шекара бөлімшесіне Назарбаевтың есімі берілген.

Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Алматы және Қызылорда қаласындағы саябақ, Таразда бір алаң және Қарағандыдағы бір гүлзар Назарбаев атымен аталады.

Алматы облысында Қарасай ауданындағы музей мен Райымбек ауданындағы бір шекара бөлімшесіне тұңғыш президенттің есімі берілген.

Назарбаев есімі Астана қаласы мен Қарағанды облысындағы көшелер мен нысандарға көп берілген. Ал жаңадан құрылған Ұлытау облысы аумағында бір де бір нысанға Назарбаев есімі берілмеген.

КӨШЕ АТАУЫ ҚАНДАЙ ЖАҒДАЙДА АУЫСАДЫ

Бұған дейін Алматы қаласындағы Назарбаев даңғылының атауы ауысатыны хабарланды. Желіде тараған ақпаратқа әкімдік «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 25-5-бабына сүйеніп жауап берді.

Заңда жеке адамның есімімен аталған көше атауын ол атау берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде 10 жыл өткен соң қайта атауға, өзгертуге болатыны айтылған.

Ал қаладағы даңғылға Назарбаевтың есімі 2017 жылы берілді.

Министрліктің хабарлауынша, қазірге дейін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілген көше немесе даңғыл атауын ауыстыру мәселесі бойынша ұсыныстар түспеген.

Жергілікті әкімдік тарапынан ұсыныс түскен жағдайда мәселе белгіленген тәртіпке сәйкес республикалық ономастика комиссиясында қаралады, - деп жауап берді министрлік.

Айта кетейік, кез келген көше мен мемлекеттік мекемелерге атау беру мәселесі ономастика саласындағы заңнамаларға сүйеніп шешіледі. Ол үшін жергілікті әкімдік тарапынан бірқатар жұмыс жүргізіледі.

Алдымен көше атауларын өзгерту мәселесінде жергілікті тұрғындардың пікірі ескеріледі. Ал мемлекеттік мекемелерге атау беру мәселесі ұжымдық жиналыста қаралады.

Нысанға немесе көшеге берілген атауды өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапқан жағдайда облыстық немесе қалалық ономастика комиссиясында қаралады. Өңірлік ономастика комиссиясының оң қорытындысы негізінде әкімдік пен мәслихаттың бірлескен қаулысымен республикалық ономастика комиссияның қарауына ұсынылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20