×

Алматыдағы Назарбаев даңғылының атауы қашан өзгеруі мүмкін – әкімдік жауабы

Бұл көшеге Назарбаев есімі 2017 жылы берілді

 Айгерім Таубай 20.01.2023 | 12:15
Коллаж Halyq Uni

Алматы әкімдігі қаладағы Назарбаев даңғылының атауын өзгертуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Алматы қаласы әкімі аппаратының тілдерді дамыту және ономастика бөлімі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңның 25-5-бабына сүйеніп жауап берді.

Заңда жеке адамның есімімен аталған көше атауын ол атау берілген (өзгертілген) күннен бастап кемінде 10 жыл өткен соң қайта атауға, өзгертуге болатыны айтылған.

Айта кетейік, Алматы қаласындағы даңғылға Назарбаев есімі 2017 жылы қарашада берілді. Оған дейін Фурманов есімімен аталған. 

Бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық кеңесінің отырысында Назарбаев даңғылын «Қаңтар» даңғылы етіп өзгерту ұсынылатыны айтылды. Қоғамдық кеңес мүшесі Әсет Наурызбаев бұл ойын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Оның сөзінше, негізі қоғамдық кеңес мұндай шешім қабылдамайды, тек ұсыныс білдіре алады. Ал атауын өзгертетін жергілікті мәслихат. Сондықтан қоғамдық кеңес солай шешкен күннің өзінде ол әлі көше атауы өзгереді дегенді білдірмейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

24 жастағы қазақстандықтың Таиландта комада жатқаны белгілі болды

Жігіттің ата-анасы Пхукетке ұшып барған
04.06.2023 | 12:29

Алматыда қала құрылысын бақылау басқармасы қызметкерлерінің ұсталғанын жоққа шығарды

Басқарма жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын еске салды
04.06.2023 | 12:17

Қарағандыда жас жігіт 3 адамды пышақтап тастады (ВИДЕО)

Оқиға орынынан ауруханаға 34 және 35 жастағы екі адам жеткізілді
04.06.2023 | 12:12

Байзақтағы жарылыста бірінші болып мерт болған Жанболатовтың анасы жалғыз қалды

70 жастағы зейнеткер марқұм ұлы қызмет еткен мекеме кейінгі уақтты жағдайын білуді қойғанын айтады
04.06.2023 | 11:20