Қорғаныс министрлігі департаментінің басшысы жемқорлықпен ұсталды

Динара Амантай

Күдікті қамауға алынды

Фото: abai.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшесінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы бейнебайланыс жабдығын жеткізу мерзімдерін бұза отырып, қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін жеткізушіден 20 мың доллар пара алды деген күдікпен ұсталған. Ол Астана қаласы тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.