Ақмола облысында құдыққа түсіп кеткен ер адам құтқарылды (ВИДЕО)

Динара Амантай

Құдықтың тереңдігі 5 метр шамасында

Коллаж: Halyq Uni

Елордалық құтқарушылар құдыққа түсіп кеткен ер адамды құтқарды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, елордалық құтқарушылар кеше сағат 15:08-да Ақмола облысы Қараөткел ауылында ер адамның құдыққа түсіп кеткені туралы келіп түскен хабарлама бойынша шыққан.

Шақырту орнына келіп жеткен елордалық ТЖД 3-МӨСБ өрт сөндірушілері және жедел құтқару жасағының құтқарушылары ер адамның тереңдігі шамамен 5 метрді құрайтын құдыққа құлап кеткені анықталды.

Құтқарушылар жедел әрекет етіп, тереңге түсіп, ер адамның арқасына тасымалдау көтергішін бекітіп, бірлескен әрекеттермен құтқару арқанының көмегімен 1986 жылы туған ер адамды құтқарды.