2 мыңға жуық науқас аурудан емделіп жатыр
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны төмендеді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Өткен тәулікте COVID-19 74 адамнан, пневмония 7 адамнан анықталды.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша елімізде коронавирустан 1 949 адам (COVID-19 – 1 796 науқас, пневмония – 153 науқас) емделіп жатыр.
Олардың ішінде 156 пациент стационарда, 1 793 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 10 адамның жағдайы ауыр, 5 пациенттің жағдайы өте ауыр, 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, кеше 101 адамнан COVID-19 анықталған еді.