Рудныйда құбыр жарылып, үйлер жылусыз қалды

Дәурен Ерболат

Бүгінде 24 көпқабатты, 59 жер үйде жылу жоқ

Фото: t.me/KZgovernment

Рудный қаласында құбыр жарылып, тұрғындар жылусыз қалды, деп хабарлады Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкімдік мәліметінше, бүгін сағат 10:30-да Горняков көшесі бойында жылу құбырының диаметрі 530 мм болатын бөлігі жарылған.

Салдарынан 24 көпқабатты тұрғын үй, 59 жеке үй, 16 заңды тұлға жылудан ажыратылды. Құбырдың жарылған учаскесін анықтау керек. Оқиға орнында «Рудный жылу желілерінің» апаттық бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қысқа уақытта жылу беру толық қалпына келтіріледі, - деп жазылған хабарламада.