Атырауда деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіленді

Динара Амантай

Сотқа дейінгі тергеу басталды

Коллаж: Halyq Uni

Атырауда полицейлер деструктивті діни ағым өкілінен қару тәркіледі, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 10 қаңтарда Атырау облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Mercedes Benz көлігін тексеру кезінде бес патроны бар белгісіз маркалы тапанша мен пышақ тәркіледі.

Есірткіге мас күйде болған 39 жастағы жүргізуші полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамаған. Тексеру барысында жүргізуші мен жолаушының деструктивті діни ағымның жақтаушылары екендігі анықталды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске сала кетсек, бұған дейін полицейлер қылмыскерлер мен деструктивті діни ағым өкілдеріне қару-жарақ сатқанын хабарлаған болатынбыз.