Air Astana Ақтөбеге ұшатын барлық рейсті тоқтатпақ
Жақында әуе компаниясы Ресейге ұшатын рейстің бәрін тоқтатқан еді
Air Astana әуе компаниясы биыл 17 наурыздан 17 сәуірге дейін Ақтөбеге ұшатын барлық рейсті тоқтатады. Бұл қаладағы әуежайдың жабылуымен байланысты.
Ақтөбедегі әуежайдың жабылуына байланысты қалаға ұшатын рейстер биыл 17 наурыздан 17 сәуірге дейін тоқтайды, - дейді Air Astana.
Мәліметке сай, жолаушылар 2022 жылғы 31 мамырға дейін билеттерді тегін қайта брондап, сатып алған жеріне өткізе алады.
Бұған дейін аталған әуе компаниясы Ресейге ұшатын рейстің бәрін тоқтатқан болатын.