Әкімдерге партияларда қызмет етуге тыйым салу керек - Президент

Қымбат Елтайқызы

Бүгінгі жолдауда көптеген өзгеріс жайлы айтылып жатыр

коллаж: Halyq Uni

Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына жолдау жасап жатыр.

Әкімдер мен олардың орынбасарларына партиялар филиалдарында қызмет атқаруға заң жүзінде тыйым салу керек. Бұндай шешімдер көпполюсті партиялық жүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді, - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Тоқаев партияларды тіркеу процедурасы айтарлықтай жеңілдейтінін айтқан болатын.