Қазақстанда парацетамол тапшы ма – министр жауабы

Дәурен Ерболат

Ведомство парацетамол мен құрамында парацетамол бар дәрілердің мөлшерін бақылап отыр

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният парацетамол дәрісінің тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда парацетамол тапшылығы жоқ. Қазіргі уақытта біз комитет арқылы барлық дәріханада парацетамол мен құрамында парацетамолы бар дәрілердің мөлшерін бақылап отырмыз. Елімізде олардың саны жеткілікті, - деді Ажар Ғиният министрліктің кеңейтілген алқа отырысынан соң.

Сондай-ақ министр әлемде ЖРВИ мен тұмау өршіп тұрғанын атап өтті.