Былтыр 209 адам ағзасын ауыстырған
Олардың саны жыл сайын артып келеді
2022 жылғы 11 айда 209 қазақстандық ағзасын ауыстырды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Былтыр 11 айда 209 адам ағзасын ауыстырды (162 бүйрек, 40 бауыр, 4 жүрек, 3 өкпе). Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ға артық (171 адам ағзасын ауыстырған), - деді ведомство басшысы министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.
Оның айтуынша, Қазақстанда онкологиялық науқастар үшін гамма-пышақ, радионуклидтік терапия, томотерапия сынды медицина қызметтеріне қолжетімділік артқан.
Айта кетейік, бұған дейін министр қазақстандықтар өмір сүру жазы ұзарғанын айтқан еді.
Сондай-ақ дәрігерлер қазақстандықтарға үндеу жасаған болатын. Қазақстанда донорға мұқтаж науқастардың саны 3,5 мыңнан асады.