Ауа райын ескермеген жүргізушінің кесірінен ірі көлік апаты болды
6 жүргізуші жауапқа тартылды
Ақмола облысында ірі көлік апаты тіркелді, деп хабарлады Telegram-дағы polisia.kz арнасы.
8 қаңтарда Астана – Петропавл автожолының 236-шақырымында 9 көлік бір-біріне соғылды.
34 жастағы ВАЗ 2109 жүргізушісі ауа райының қолайсыздығын ескермей, 64 жастағы астаналық тізгіндеген Chevrolet Cobalt және 38 жастағы Беларусь азаматы басқарған Volvo көліктеріне соғылған.
Содан кейін тағы 6 автомобиль соқтығысқан: Renault Sandero, «ГАЗель», 2 Toyota Camry, Daimler Chrysler және Toyota Prado.
Көлік апаты салдарынан «Авиценна Бурабай» компаниясына 19-49 жас аралығындағы 2 жүргізуші мен 7 жолаушы жеткізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 1-бөлігі бойынша 6 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.
Айта кетейік, бұған дейін ІІМ жүргізушілерге ескерту жасаған еді.